Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
Sputniknews.kz
Желдің күшейуіне байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледж студенттері сабаққа бармайды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі сабақтар болмайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді", — деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript