Астанада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ тоқталды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2019 18:19 pxhere.com
Енді екінші ауысымның тәлімгерлері де сабаққа бармайды.

Астанада екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, 5-ақпан күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда білім алатын 1(0)-11(12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, 5-ақпан күні Астанада қар, боран, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. 6-7 ақпан күндері түнде 37-39 градус аяз болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: