Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшірілді

Астана, ауа райы, оқушы, қашықтан оқу, колледж, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 13:52 Сурет: pexels
17 сәуір күні екінші ауысымның барлық оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл жөнінде елорданың Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

17 сәуір күні Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік пен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобустар кешігіп жүріп жатыр. Қаладағы кейбір көшелерде жүру тіптен қиындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: