Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де қашықтан оқитын болды

Астана, қашықтан оқыту, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 11:29 Сурет: Zakon.kz
10 қаңтарда елордада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Астана қаласының білім басқармасынан хабарлады.

Басқарма өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім ауа райының нашарлауына және ауа температурасының -33°С-қа дейін төмендеуіне байланысты қабылданды.

"2023 жылғы 10 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары мен екінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшуде", – делінген хабарламада.

Астанада, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: