Семейде оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілді
Сурет: Zakon.kz
27 желтоқсанда Семейдегі мектептердің бірінші ауысымының нөлден 11-сыныпқа дейінгі оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін таңертең Семейде күн райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ болды, бірінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары мен колледждердің тоғызыншы сыныптан кейін түскен 1 және 2 курс студенттері онлайн оқуға жіберілді. Бұл туралы AbaiNews облыстық білім басқармасына сілтеме жасап жазды.
Қостанай облысында да қатты жел мен көктайғақ салдарынан бүгін 1- ауысымдағы нөлінші сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript