Семейде мектептердің бірінің оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді
Сурет: unsplash
Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Неліктен мұндай шешім қабылданғанын Семей әкімдігі былай түсіндірді:
"№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан бөлмесінде түтін шықты... Өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы (қысқа тұйықталу) себеп болған".
Мектеп әкімшілігі өрт шыққанын дер кезінде хабарлаған.
"Оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды (371 оқушы және 45 қызметкер)... Осы уақытта электр қуатын өшіріп, кейін өртті сөндіру үшін ШҚО ӨЭЖҚ қызметі келді. Оқу процесі қашықтан оқу форматқа көшірілді". Семей әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 21 қазанда кешкі уақытта Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде өрт шығып, салдарынан бес адам зардап шекті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript