Астанадағы екінші ауысымдағы мектеп оқушылары да қашықтан оқуға көшті

Астанадағы оқушылар қашықтан оқиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 13:25 Сурет: Zakon.kz
9 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты астаналық мектеп оқушылары мен екінші ауысымдағы колледж студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасынан хабарлады.

"2023 жылдың 9 қаңтарында ауа райының нашарлауына байланысты 0-11-(12)сынып оқушылары мен екінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшіп жатыр", - делінген хабарламада.

Дүйсенбі күні бірінші ауысымда оқитын астаналық студенттер қашықтан оқитыны осыған дейін хабарланған еді. Кейіннен Қостанай мен Семейде оқушылар қашықтан оқуға көшірілгені туралы айтылды.

9 қаңтарда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: