Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер қашықтан оқи береді

Онлайн сабақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 20:14 Сурет: unsplash
7 желтоқсанда Астанадағы барлық оқушы және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақтар тоқтатылды. Олар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"7 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсанда да аязға байланысты Астанадағы бірінші ауысым оқушыларына арналған сабақтар қашықтықтан оқытылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: