Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қалың қар: CTS жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды

Астанада қалың қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:48 Сурет: Zakon.kz
15 cәуірге қараған түні Астанада қар жауа бастады. 17-сіне қараған түні тағы жауған. Бүгін таңертең жолдарда қозғалыс қиындап, көліктер кептеліп тұрып қалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік пен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобустар кешігіп жүріп жатыр. Қаладағы кейбір көшелерде жүру тіптен қиындады.

City Transportation Systems Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлап отыр. 


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:48

Сурет: Zakon.kz


CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды.

"Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет", - делінген хабарламада.


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:48

Сурет: Zakon.kz


Сонымен қатар CTS 04:45-те ауа-райының қолайсыздығына және тас жолдардың жабылуына байланысты, №№300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 318, 322, 327, 328 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Басқа қала маңы бағдарлары линияға шығады.

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:48

Сурет: Zakon.kz


Ал Instagram-дағы astana_sergek паблигі қаладағы жағдайдан фото, видеолар жариялап, тұрғындарға ескерту жасап жатыр.




"Одан да шаңғымен жүрген жақсы. Бүкіл Астана бір орында тұр, қозғалмайды", - деп жазылған паблик жариялаған фотолардың сипаттамасында.


Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 09:48

Сурет: Instagram/astana_sergek


Қалада электрсамокат айдап жүргендер де бар. Себебі көлікпен де, жаяу да қолғалу дәл қазір ыңғайсыз болып тұр.

Үш күн бойы Астанада 37,6 мм қар түсті. Жауын-шашын нормасы айына - 22 мм. Елордадан ұшатын және елордаға ұшып келетін рейстер кешігіп жатыр. Рейс кестесін тексерген абзал.

Еске сала кетейік, Елордада бірінші ауысымдағы оқушылар ауа райына байланысты онлайн оқиды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: