Қар көшкіні Шығыс Қазақстан облысына баратын жолды жауып тастады

Төтенше жағдай, қар көшкіні, Шығыс Қазақстан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2022 10:53 Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd
Өңір біршама жылынып, жаңбыр жауа бастады. Толассыз жауған жауынның салдарынан Шығыс Қазақстан облысында көлемі 1250 текше метр болатын қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 18:40-та Қатонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымында болған. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жергілікті қызметтер дереу аумақты тазартуға кірісті.

Зардап шеккендер тіркелмеді.

«Қазселденқорғау» ММ және Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар көшкіні қаупі бар екенін ескертеді.

Облыс құтқарушылары дауылды ескерту кезінде ешбір жағдайда тәуекелге баруға және тауға шығуға, сондай-ақ қар көшкіні аумақтарында орналасқан жолдармен жүруге болмайтынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: