Алматыда қар жауып тұр

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2022 14:51 Сурет: Zakon.kz
29 қаңтарда Алматыда көптен күттірген қар жауа бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Айта кетсек, қыс айы болғанына қарамастан қаңтарда Алматы жері қарайып жатыр. Алматылықтар ауа райын қыс мезгілінен гөрі көктеммен жиі салыстырады.

Алайда бұған дейін синоптиктер атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты белең алатынын, осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде 29 қаңтарда жауын-шашын болатынын ескерткен болатын.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ТЖД 29-30 қаңтарда тауда тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді.

Сурет: Zakon.kz

Айта кету керек, Алматы облысында жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді, күндіз батыста, солтүстікте және таулы аймақтарда, тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Сақ болыңыздар!

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: