Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елбасы Жолдауын жүзеге асыруды ең алдымен Үкімет қолға алуы керек - сарапшы пікірі

Сонымен қатар ол қоғамдық сананы жаңғырту мәселесіне де тоқталып өтті.

Сурет : ҚазАқпарат11 Қаңтар 2018, 15:06

Мемлкет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды ең алдымен Үкімет қолға алатын болса бір жылда табысқа жете аламыз. Мұндай пікірді «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы бірінші кезекте назарымызды төртінші өнеркәсіптік революцияға аударды. Бұған дейінгі Стратегия-2050-де әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылуымыз қажеттігі айтылған еді. Ал сол кезде барлық дамыған елдер төртінші өнеркәсіптік революцияға бағыт алды. Сондықтан да Жолдаудағы 10 мақсат Стратегия-2050-де белгіленген бағыттарды дамытатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар ол қоғамдық сананы жаңғырту мәселесіне де тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысының бұл Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясында басты міндеттері орындау қарқынын күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» аясында бізде санамызды жаңғыртуымыз қажет. Себебі қазіргі әлем мүлдем бөлек, мүлдем басқа қарқында ілгерілеп келеді. Көп айтыла бастаған жасыл, серпінді, цифрлы, инновациялық технологиялар өз деңгейінде жүзеге асырылып отырған жоқ. Демек, Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды ең алдымен өзі бастайтын болса, онда бір жылдан кейін айтарлықтай табысқа қол жеткізе аламыз», - деді Айгүл Соловьева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер