Жаңалықтар тізбегі
0

Министр азық-түлік бағасын қалай тежеп, ұстауға болатынын айтты

ria.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 15:59 ria.ru
Сонымен қатар, ол ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту қажет екенін атап өтті.

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы жайын қозғап, осыған байланысты ол бірқатар тапсырмалар берді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тежеу ​​үшін не істелетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, баға көтерілген кезде шекті бағаны енгізу шараларын шұғыл қабылдауы керек. Импортқа тәуелді және экспортқа бағытталған тауарлар үшін тұрақтандыру қорларының максималды қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс. Біздің елімізде шығарылатын тауарлар үшін "айналым схемасы" шеңберінде форвардтық келісімшарттарды қаржыландыруды 50 миллиард теңгеге дейін ұлғайта отырып, басым қаржыландыру шарасын қамтамасыз етуіміз тиіс, - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Сауданы цифрландырумен қатар Ұлттық тауарларды тарату жүйесін іске қосу керек. Жалпы, оның айтуынша, 24 көтерме тарату орталығы салынады, оның жетеуі 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Павлодар облыстарында іске қосылады.

Министр шекарадағы заңсыз саудаға қарсы іс-қимыл аясында мыналарды ұсынды:
- техникалық реттеу жүйесін цифрландыру;
- "Сәйкестікті бағалау туралы" жаңа заң әзірлеу;
- трансшекаралық сынақ зертханаларын құру;
- таңбалауға арналған тауарлардың тізімін кеңейту.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: