Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жолдауда айтылғандай термин жасауға ел болып атсалысуымыз керек – ғалым

Терминологияны тек тіл білімі саласына қатысты ұғым деп қарау - қате.

Сурет : Baq.kz12 Қаңтар 2018, 16:02

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Елбасы Жолдауда терминологияға назар аударып отыр. Шынында да, терминология – бізде кенжелеп қалған тіл білімі салаларының бірі. Әр сала үшін терминология ғылымында белгіленген мөлшер бойынша, кемінде 5 мың, әрі кетсе 10-15 мың термин керек екен. Қоғамда 100 сала бар десек, кемінде 500 мың термин керек болады. Ал біз соңғы 20-25 жылда 20-30 мың терминді ғана бекітіп отырмыз. Дәл қазір ұлттық терминологияны, әсіресе IT-технология, инновациялық бағыттағы терминдерді бір жүйеге келтірмесек, артта қаламыз», - дейді ғалым.

Оның айтуынша, терминологияны тек тіл білімі саласына қатысты ұғым деп қарау - қате. Бұған еліміздің барлық саласы атсалысуы керек.

«Ұлттық терминологияны қалыптастыру жұмысына еліміздегі ауыл шаруашылық, өндіріс секілді барлық сала бойынша тиісті министрліктер, ведомстволар, комитеттер немесе ұлттық компаниялар өз саласы бойынша арнайы топ құрып, әр жаңа терминді қарастырып, қабылдап, кең талқыға салуы тиіс. Негізгі терминдерді жасау, талқылау және сараптау мен бекіту рәсімдерін, оның жолдарын, тәртіптерін, кестесін, жоспарын жасауы тиіс. Сол жоспар бойынша бүкіл ел болып жұмыс істеуіміз керек», - дейді Ерден Қажыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Жолдауында айтылған терминология туралы мәселеге танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы да өз ойын білдірген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер