Тоқаев Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдады

Тіл мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 19:58 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт – әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт – қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпарттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат – ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: