Тоқаев Анар Жайылғанованы қабылдады
Ақорда
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Анар Жайылғанова "Президенттің кадрлық резервін" құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті, Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript