Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды

Қызмет, лауазым, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 18:19 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Жайылғанованы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысының Анар Жайылғанованы лауазымынан босату туралы жарлығы akorda.kz сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды," – делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Қасым-жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: