Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Волковты Халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметіне ұсынылуына байланысты қабылдады., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 12:41 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 17 наурыз, дүйсенбіде Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Волковты Халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметіне ұсынылуына байланысты қабылдады.

Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: