Астаналық дәріханада рұқсаты жоқ дәрі сатылған

Baq.kz Baq.kz
ҚР территориясында тіркелмеген «Дюфастон» дәрілік заты сатылып жатқаны анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина және фармацевтикалық қызмет комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне елордалық дәріханалардың біріне тексеру жүргізу туралы өтініш келіп түсті. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасының территориясында тіркелмеген «Дюфастон» дәрілік заты сатылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Вaq.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

Сот отырысында жеке кәсіпкер К. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындады.

Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы 2-бөлігіне сәйкес, жеке кәсіпкер К. кінәлі деп танылды. Ол 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді. Сондай-ақ, оған 1 ай қызмет көрсетуге тыйым салынды. «Дюфастон» дәрілік препараты толық тәркіленіп, одан әрі жоюға жіберілді.

Сот қаулысы күшіне енді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз