Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде қоғамдық көліктер саны қысқарып жатыр

www.arnapress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2018 15:45 www.arnapress.kz
Жылдың басында номері 25-інші бағыттағы автобустар түгелімен жұмысын тоқтатқан.

Ақтөбеде қалалық автобус маршруттары қысқарып жатыр. Оған басты себеп - жүргізушілер жалақысының аздығы және көліктерге қосалқы бөлшек сатып алуға қаржының болмауы. Бұны жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме өкілдерінің өзі де мойындап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жылдың басында номері 25-інші бағыттағы автобустар түгелімен жұмысын тоқтатқан. Жағдай осылай жалғаса берсе, басқа бағыттағы қоғамдық көліктер де жүрмей қалуы мүмкін. 2015-інші жылдың наурызында жүргізуші куәлігіндегі «Д» санатының «Д-1» және «Д-2» бөліп бөлінуі жығылған үстіне жұдырық болып отыр. Себебі «Д-1» санатты куәлігі бар жүргізушілерге қоғамдық көлік тізгіндеуге рұқсат жоқ.

Серіктестік өкілдерінің айтуынша, жолақысының аздығы да қосалқы бөлшектер сатып алуға мүмкіндік бермей отыр екен. Мамандар өздерінің мәселесін шешуді өтініп жергілікті биліктен бірнеше мәрте көмек сұраған. «Бірақ әзірше тұшымды жауап ала алмай отырмыз», - дейді. Айта кетелік, қазір Ақтөбеде жол жүру ақысы 55 теңге.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС заңгері: «Енді әрі қарай жағдайымыз қиын бола берсе, басқа да бағыттар тоқтап қалуы мүмкін. Тоқтатуымызға себеп - біріншіден, жүргізушінің жетіспеушілігі. Екіншіден, автобустарға жүргізетін жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Қымбат. Қосалқы бөлшектерге ақша жетпей отыр».

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: