Алматыда №32 қоғамдық көліктің автобусы көбейеді

Алматыда №32 маршруттың автобусы көбейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 09:32 Сурет: Zakon.kz
Алматыда №32 бағыттағы автобустар саны 25 бірлікке дейін ұлғайтылды. Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Алматыда 28 желтоқсаннан бастап №32 бағыттағы мобильді автобустар саны 15 автобустан 25 автобусқа дейін көбейеді.

"Осылайша, жоспарланған қозғалыс аралығы 25 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады", - делінген хабарламада.

2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін №32 бағытты күшейтуді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өтті.

"Жалпы 2023 жылы 600 жаңа автобус сатып алынды. Олар дайын болғаннан кейін ең көп жүретін бағыттар бойынша пайдаланылады", - деп толықтырды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: