Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Палестина Израильді мойындаудан бас тартты

2017 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған болатын.

Сурет : Baq.kz16 Қаңтар 2018, 16:38

Палестина көшбасшылары Израиль Палестинаны мойындамайынша, біз де Израильді мойындаймыз деп отыр. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас шиеленіскеннен кейін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық та тоқтап қалды. Бұл туралы The Washington Post жазады, деп хабарлайды Вaq.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімінен кейін екі ел арасындағы жағдай шиеленісіп кетті.

Осы мәселеге байланысты өткен Рамалладағы кездесуде Палестинаны босату ұйымының орталық кеңесі Израильді мойындау процесін тоқтату туралы ұсынды.

«Трамптың Иерусалимге қатысты шешімі кез келген бейбіт процестің болашағына балта шапты», - деді жиынға қатысқан палестиналық шенеунік Каис Абд аль-Карим (Qais Abd ­al-Karim).

Кеңестің негізгі талаптары – Израильдің Палестинаны 1967 жылдағы шекарамен тануы, Шығыс Иерусалимдегі басқындықтан бас тарту және елді қанауды тоқтату.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған болатын.

Сондай-ақ, Палестина – бүгінде ішінара тәуелсіздігін алған ел. Оның тәуелсіздігін БҰҰ-ның 193 елінің 136-сы мойындады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер