Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жасанды ұрықтандыруды арзандатуға болады - Салтанат Байқошқарова

Кейбір препараттарды қолданбай-ақ, әйелдің бала көтеруіне жағдай жасауға мүмкіндік бар.

Сурет : www.inform.kz17 Қаңтар 2018, 17:41

Бүгінде жасанды ұрықтандыруға кететін ақшаның басым бөлігі дәрі-дәрмектерге жұмсалады. Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың айтуынша, аталған шығындарды үш есеге қысқартуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде жасанды ұрықтандырудың орташа бағасы - 1 млн теңге. Соның 600 мың теңгесі дәрі-дәрмектерге кетеді. Ал девальвациядан кейін барлық препараттар 2-2,5 есеге қымбаттады. Сол себепті бұрын дәрі-дәрмектерге 100-250 мың кетсе, қазір 500-600 мың керек. Оған жасанды ұрықтандыру микроxирургиясы мен креоконсервацияны қосыңыз, тағы 500 мың теңге қажет болады. Демек, экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы аясында ақшаның 60-70 пайызы дәрі-дәрмектерге кетеді", - дейді С.Байқошқарова.

Оның айтуынша, аталған шығындарды барынша қысқартуға болады. Тіпті, кейбір препараттарды қолданбай-ақ, әйелдің бала көтеруіне жағдай жасауға мүмкіндік бар.

"Мәселен, жас келіншектер бар. Сосын әйелдер бар. Оларда аналық жасушылардың бөлінуі әртүрлі. Соған қарай дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. 50 мың немесе 100 мың теңге кетеді. Бәлкім, дәрі-дәрмек салудың мүлдем қажеті болмас. Сонда жасанды ұрықтандырудың өзіне ғана 300-500 мың теңгедей кетеді", - деп атап көрсетті С.Байқошқарова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер