Алматыда әкесі атып өлтірген келіншек жүкті болған
inform.kz
Қайтыс болған әйелдің құрсағында 8 айлық бала болған.
Алматыда әкесі атып тастаған келіншек бір айдан кейін босануы керек болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Қайтыс болған әйелдің құрсағында 8 айлық бала болған", - деп хабарлады қалалық полиция департаментіндегілер.
Тексеру кезінде күйеу баласы мен қызын атып өлтірген ер адамның ішімдік ішпегені анықталды.
Айта кетелік, кеше Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде 1951 жылы туған жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде 1987 жылы туған күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын атып өлтірді. Содан кейін өз-өзіне қол салды. Қазір осы жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript