Қостанайда ерлі-зайыптылардың өмірін жалмаған өрттің себебі анықталды

www.inform.kz www.inform.kz
Қызыл жалын сағат 22.18-де ауыздықталған.

Екі адамның өмірін қиған Меңдіқара ауданындағы тұрғын үй өртінің себептері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 15 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған. ТЖД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, аудан орталығындағы жеке тұрғын үй толығымен жанып кеткен.

«Алдымен, үйдің кіреберісі мен шатыры тұтанған. Зертхана мамандарының алдын ала жасаған болжамдары бойынша, өрт жылытатын пешті дұрыс қолданбаудан шыққан», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын сағат 22.18-де ауыздықталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз