Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 15 жастағы оқушы қыз балалы болды

zhenskoe-mnenie.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2018 21:55 zhenskoe-mnenie.ru
Сәбиін үш күн ғана қолына алған соң қамауға алынған Рамазан Утепбергенов қалалық ТЖД құтқарушы болған.

Екі айлық сәбиі бар жас ана 9 сыныптан соң оқудан шығып, 22 жастағы жігітке екі жақтың келісімімен күйеуге тиіпті. Бірақ полиция 15 жастағы жеткіншекке үйленгені үшін 22 жастағы күйеу жігітті қамап тастаған. Ал қыздарын ерте жастан күйеуге беру салтымызда бар деген екі тарап ұлдарын заңмен емес, салтпен шешіп, бостандыққа шығаруларын талап етіп отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Екі айлық сәбиін құшақтаған Анель өз үйлеріне қарсы тұратын көрші Утепбергенов Рамазанмен жарты жыл танысып, 9 сыныпта «ғашығын» үйіне кіргізіп алған. Қыз 16 жасқа толған соң қос тарап екі жасқа отасқаны туралы заңды құжат алып бермек болған.

«Ол мені аялап бақты. Біз заңды некеге тұрмақ болғанда АХАЖ бөліміндегілер бізге құжат бермеді. Себебі, менің әкем 13 жыл бұрын жоғалып кеткендіктен, рұқсат жоқ, деді. Құжат алу үшін әкемнің ұшты-күйлі хабарсыз кеткені туралы құжат талап етілді. Сондықтан біз некеге де тұра алмадық, әрі қызымды әкесінің атына тіркей алмадым. Рамазанмен көп жыл таныспын,бір-бірімзді сүйдік. Ол мені алдамады, жағдайымызды жасап, ер азаматтық борышын орындады», - деді Анель Ким.

Өмірімнің өксікке айналуына небәрі екі жыл ғана тұрған өгей әкем кінәлі, дейді Анель. Айтуынша, жиі ішіп, жанжал шығаратын өгей әке өштесе келе жас жігіттен таяқ жеп, ақыры оқиғаны полицияға жеткізген. Жарақат алдым деп жар салған Шаяхметов есімді еркек бопсалап жүріп Рамазаннан бір миллион теңге алып, кешірім беріп, қарасын батырыпты.

«Ішіп жүріп кімнен таяқ жегенін білмейді. Ұлымды бопсалап, ақыры бір миллион теңге алды. Үйді кепілге қойдық, қарызданып жүріп, сұраған ақшасын тауып бердік. Біз екі жасты ажыратып, сәбидің жетім қалғанын қаламаймыз. Рамазан тұрақты қызметінен босатылып тынды», - деді күдікті Р.Өтепбергеновтың анасы Рая Утепбергенова.

Күйеу баласынан таяқ жеген азамат ауруханада өткен жылдың наурыз айында жатқанымен полицияға шағымды бес ай өткен соң, қыркүйектің 27 күні жазған. Қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Рамазан Утепбергеновке қылмыстық кодекстің 106-бабы, яғни қасақана дене жарақатын салу мен кәмілет жасына толмаған жеткіншекпен жыныстық қатынаста болды деп 112 баппен іс қозғаған.

«1995 жылы туған күдікті 8 қараша күні екі айға қамауға алынып, қазір изоляторда отыр. Наурызбай ауданының тұрғынының шағымы бойынша іс қозғалып, тергеу-тексеру нәтижесінде полицейлер жеткіншекпен азаматтық некеде тұратынын анықтаған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр дене жарақатын салғаны туралы медициналық сараптама қорытындысында жазылған. 16 жастағы бойжеткен мен анасы күдіктіден 122-бапты алып тастау туралы қарсы арыз түсіріп отыр», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сәбиін үш күн ғана қолына алған соң қамауға алынған Рамазан Утепбергенов қалалық ТЖД құтқарушы болған. Ал артында қалған 16 жастағы жары мен оның туыстары жас отбасының тағдыры заңмен емес, салтпен шешілсе, дейді. Жалғыз ұлдан тірідей айырылған Рая Утепбергенованың айтуынша түркі халқында қызды ерте күйеуге беру салтта бар. Ал дәстүрмен емес, істі кодекспен қарайтын сот күдіктінің ісін дәлелдесе 9 жылға дейін темір торға тоғытуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: