Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Депутат Бас прокуратурадан қарыз беретін онлайн компаниялардың жұмысын тексеруді сұрады

Сенатор кредитті беру кезінде келісімшартқа қол қою процесі де түсініксіз жүргізілетінін жеткізді.

Сурет : Baq.kz25 Қаңтар 2018, 14:57

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Сергей Ершов еліміздегі азаматтардың онлайн түрде пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары кредиттерді алып жатқанын, ал бұл ақшаларды беретін компаниялардың жұмысы заңмен реттелмегенін айтып, Бас прокуратурадан аталған мәселеге назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Сенатор депутаттық сауалын ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа жолдады.

«Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы келіп, қарыз беретін онлайн компаниялардың жұмысын заңмен реттеп беруін сұрады. Себебі, соңғы уақытта еліміздегі азаматтар қарызды онлайн түрде алуда. Шағын компаниялар қарызды халыққа бір жылға 700-ден 1000 процентке дейін береді. Аталған қарыздың проценттік мөлшерлемесі, айыппұлдардың көлемі шектелмеген», - деді Сергей Ершов.

Сонымен қатар, сенатор кредитті беру кезінде келісімшартқа қол қою процесі де түсініксіз жүргізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл несиелерді кез келген адам ала алады.

«Келісімшартқа қол қою процесі қарыз беретін онлайн компанияның интернет сайтындағы сілтемелер арқылы жүргізіледі. Ал клиентті анықтауға жөнді мән берілмейді. Онлайн кредитті кез келген азамат ала алады, яғни ол мас болсын, есірткі өнімдерін тұтынсын немесе оған қысым көрсетілсін», - деді депутат.

Осы орайда Сергей Ершов аталған онлайн компаниялардың жұмысы заңмен реттелмегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қарыз беруші компаниялар кейбір заңды өрескел бұзып отырғанын жеткізді.

«Микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін заң нормалары жоғарыда аталған қызмет түрлерінің жұмысын реттемейді әрі аталған компаниядан қарыз алған клиенттердің құқығын қорғамайды. Демек қарыз беретін онлайн компаниялардың қызметі заңмен реттелмеген және олардың жұмысы мемлекеттік құзырлы органдардың бақылауынан тыс қалып отыр. Сонымен қатар, аталған онлайн компаниялар азаматтардың кредиттік карталарындағы мәліметтерді, картадағы қорғаушы кодтарды әрі азаматтардың кредиттік тарихы туралы ақпаратты жинайды», - деді ол.

Сондай-ақ, сенатор аталған компаниялар азаматтардың жазбаша келісімінсіз және азаматтар туралы ақпарат жинауға рұқсат беретін құжаттарсыз заңсыз әрекет етіп отырғанын жеткізді. Сергей Ершов осылайша қарыз беруші компаниялардың «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» заңның 1-бабының 25-тармағын бұзып отырғанын мәлім етті.

Сөз соңында депутат Бас прокуратурадан аталған мәселеге назар аударуды сұрады.

«Сондықтан сіздерден жоғарыда аталған онлайн компаниялардың қызметіне тексеріс жүргізулеріңізді сұраймын. Оның ішінде, олардың азаматтарға кредитті заңды түрде беріп жатқанын және Қазақстан азаматтары туралы ақпаратты жинау қаншалықты заңды жүргізіліп жатқанын анықтау керек», - деп түйіндеді сөзін Сергей Ершов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер