Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты

Комиссия қабылдау бөлімі дәрігерінің, емдеуші дәрігердің және медбикелердің әрекеттерінен кемшілік тапты.

Сурет : ҚазАқпарат26 Қаңтар 2018, 09:49

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті Қарағандының инфекциялық ауруханасында көз жұмған үш жасар Айзере Какарманованың өліміне қатысты тексерісті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент комиссиясы облыстық инфекциялық аурухананың қызметкерлерінің жұмысынан шикілікті анықтады. Дәл осы жағдай бала өліміне себепші болды ма, жоқ па - ол тергеу барысында белгілі болады. Медицина қызметкерлерінің жұмысында жол берілген кемшіліктер мен бала өлімінің арасындағы байланыстарды Қарағанды ІІД айқындайды.

Комиссияның анықтауынша, кезекші дәрігер жұқпалы аурулар маманы емес, педиатр болып шықты.

Комиссия қабылдау бөлімі дәрігерінің, емдеуші дәрігердің және медбикелердің әрекеттерінен кемшілік тапты.

«Тексеру актісімен таныстым. Онда дәрігерлердің әрекеттеріндегі ҚР ҚК 317-бабының («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») 3-бөлігінде және Қылмыстық кодексінің заңсыз медициналық қызметпен айналысу туралы 322-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық белгілері қарастырылған», - дейді Айзеренің анасы Диана Какарманова.

Комиссия қорытындылары Қарағанды ІІД Михайлов полиция бөлімінің тергеушісіне беріледі. Нақты күдіктілер жоқ.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 31 желтоқсан күні 08:50-де Қарағанды ауруханасында көз жұмған 3 жасар Айзере Какармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлерді айыптаған болатын. Қыздың анасы дәрігерлер қызметіне ұқыпсыз болды, адал қарамады деп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер