Қарағандылық дәрігерлер кішкентай қыздың мұрнынан 10 тірі құртты алып шықты
Видео аурухананың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Қыздың мұрнына қан кеткен. Дәрігерлер мұрынға риноскопия жасап, қарағанда көп көздерді байқаған. Қыздың мұрнында 10-нан астам тірі құрт болған.
Қыздыі әжесі кейінгі күндері жағымсыз иіс сезгенін айтқан. Бірақ дәрігерлерге бірден жүгінбеген.
"Тексеру кезінде оң жақ мұрын жолынан бөгде зат, атап айтқанда губка және тірі құрттар табылды. Бұл дененің мұрында қанша уақыт болғаны нақты белгісіз".Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Қазір баланың мұрын қуысы механикалық санитариясы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық қайта қарау жоспарланған. Қыздың өңеші, мұрын-жұтқыншағы да тексерілді. Фарингоскопия кезінде белгілер анықталмады. Жұтыну актісі бос, дауыс анық және еркін естіледі, бала белсенді. Мұрын рентгенографиясында синуситтің катаральды белгілері анықталды.
Дәрігерлер мұндай жағдайлардың сирек кездесетінін айтты. Медицина мекемесіне барар алдында балаға әжесі қараған.