Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда қақаған аязда жолсерік әжесі мен немересін вагоннан қуып шықты

turaninform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2018 21:46 turaninform.kz
Ол жолаушыларға дауыс көтеріп, құжаттарын пойыздан сыртқа лақтырып жіберген.

Көкшетауда жолсерік сыртқы киімдерін шешіп отырған әйел мен баланы Қарағанды-Омск бағытындағы пойыздан қуып шықты, деп хабарлайды Today.kz.

ҚР инвестиция және даму Министрлігінің көлік Комитеті осы оқиғаға қатысты тексерісті бастады.

Facebook желісіндегі жазбаға сүйенсек, жолаушы мен жолсерік арасындағы жанжал 23 қаңтарда болған. Әйел немересімен бірге Көкшетаудан Астанаға АҚШ елшілігіндегі құжаттарын рәсімдеуге шыққан. Қыздың ата-анасы Чикагода тұрады.

"Жолсерік Роза Мүсірәлимова олардың жанына билет тексеру үшін келген. Енем оған билет пен жеке куәлікті және қызға берілген сенімхатты көрсеткен. Жолсерік баланың туу туралы куәлігін сұрағанда анам куәліктің ұялы телефонда бар екенін, бірақ түпнұсқасы өзінде жоқ екенін айтқан. Туу туралы куәлік Астанада жатыр, егер керек болса, қарсылайтын адамдар вокзалға әкеліп көрсететінін жеткізген", - деп жазады қыздың анасы Facebook желісіне.

Бірақ бұл жауапқа жолсерік әйелдің көңілі толмаған. Ол жолаушыларға дауыс көтеріп, құжаттарын пойыздан сыртқа лақтырып жіберген.

"Сосын анамның құндыз тонын тамбурға лақтырып, айғайлауын жалғастырған. Бұнымен тоқтамай оларды сыртқа қарай итеріп, күш көрсеткен. Анам пойыз жүріп кете ме деп қорқып көшеде жерде жатқан құжаттарына қарай қызды қолынан жетектеп алып шығып кеткен. Пойыздан сырт киімсіз жылап шыққан", - деп жазды ол.

Әйелдің сөзінше, көрші вагонның жолсерігі енесі мен қызына көмектескен.

"Көрші вагоннан жолсерік шыққан. Ол анам мен қызымның аязда жылап тұрып киініп жатқанын, құжаттардың жерде шашылғанын көрген. Сосын оларды өзіне шақырып, вагонына кіргізген. Қызым тоңып қалған, олар ақшасын төлеп сол пойызға билет алған еді. Оларға көмектескен жолсерік біраз уақыттан соң орын тауып беріп, орналастырған. Осы үшін оған шын жүректен алғыс айтамын", - деді ол.

ҚР инвестиция және даму Министрлігі оқиғаны тексеріп жатыр.

Министрліктің көлік Комитеті осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: