Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберген күдікті ұсталды

Шымкент, терезеден лақтырылған бала, бала, терезе, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 14:47 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте адам өлтіруге оқталған деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бір жасар баланы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 23 қарашада Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына бір әйелден психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған ағасы бір жасар ұлын төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жібергені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен прокурорлар аттанды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
"40 жастағы күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Шымкентте туысы кішкентай баланы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: