Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы Орталық мешітінің жаңа бас имамы тағайындалды

Еркінбек Керімбекұлы Шохаев Алматы қаласы бойынша өкіл имамы болып тағайындалды.

Сурет : muftyat.kz26 Қаңтар 2018, 16:59

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Еркінбек Керімбекұлы Шохаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жұма намазының алдында «Алматы Орталық» мешітінің жаңа бас имамын өзі таныстырып:

«Еркінбек Керімбекұлы 7 қырағаттың ижазасын алған Қари. Ливандағы Триполи университетін үздік бітірген білімді де білікті исламтанушы. Еліміздегі бірнеше оқу орындарында, ғылыми орталықтарда оқытушы, ғылыми қызметкер болып істеген, діни қызмет саласындағы тәжірибесі мол, іскер һәм білікті азамат», - деп атап өтті.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Алматы Орталық» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Нұрбек қажы Есмағанбетке қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Нұрбек Есмағанбет еліміздің рухани қаласы Алматының бас имамы қызметін 5 жыл атқарды. Осы аралықта жүзеге асырған тың бастамалары мен атқарған шаралары да ауыз толтырып айтарлықтай. Оның діни салада тәжірибесі мол. Білімі мен біліктілігін ескеріп, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің қызметіне тағайындадым. Бұл лауазымды қызметті жоғары деңгейде атқарады деп сенемін», - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өмір дерек:

Еркінбек Керімбекұлы Шохаев 1980 жылы туған.

1998–2001 жылдар аралығында «Тура жол» мешіті жанындағы қарилар дайындау сауат ашу курсын бітірді.

2001–2006 жылдар аралығында Ливанның Триполи қаласындағы Құран Кәрім үйрететін орталықта Шатыби жолымен 7 кырағат ижазатын алды.

2002–2006 жылдар аралығында Ливандағы Триполи университетінде Исламтанушы–шариғат мамандығы бойынша бакалаврды үздік бітірді.

2007–2009 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде Дінтанушы (үздік диплом) мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.

26 қазан - 13 қараша 2015 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «ҚР мемлекеттік басқаруды жаңғырту» «Б» корпусына алғашқы тағайындалған басшыларға арналған қайта даярлау курсынан өтті.

2016 жылдың қарашасынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты.

Қызмет жолын 2006-2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығында ғылыми қызметкер болып бастады. 2008-2010 жж. Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы елшілігінде Аудармашы, консулдық істер маманы; 2009-2010 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, философия кафедрасында оқытушы; 2010-2012 жж. «Қауам Аддин әль-Итқани әль-Фараби Аттүркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында Директордың орынбасары; 2011-2013 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, философия кафедрасында оқытушы; 2012 жылдың қаңтар-сәуір аралағында ҚР Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу және талдау орталығында» Жетекші ғылыми қызметкер; 2012-2013 жж. ҚР Дін істері агенттігі, Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасында Бас сарапшы; 03.2013-07.2013 ҚР Дін істері агенттігінің Атырау облысындағы Дін істері департаментінде директордың м.а.; 09.2013-01.2014 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, 2013-2016 жж. Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы; 2016 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті аға оқытушы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі, Алматы орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер