Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағанды облысында сары ауруға шалдыққандар саны артуда

Облыстың инфекциялық ауруханасына балалар ғана емес, ересектер де түсіп жатыр.

Сурет : Sputniknews.kz30 Қаңтар 2018, 09:04

Қарағанды облысында гепатит жұқтырғандар саны көбейді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Соңғы үш тәулікте науқастар қатары 17 адаммен толығыпты. Бүгінде 43 тұрғын инфекциялық ауруханада жатыр. Бұл туралы санитар дәрігерлер мәлімдеді.

"43 науқас емделіп жатыр. Оның 31-і оқушы. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгереді. Өйткені химиялық талдау қандағы вирусты бүгін көрсетпесе, ертең көрсетуі мүмкін. Сондықтан науқастармен қарым-қатынаста болған балалар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынып отыр", — дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байтуғанова.

Сырқат адаммен тұрмыстық қарым-қатынаста болған 220 тұрғынға мамандар әлі де қан талдауын жасайды. Өйткені дерттің белгісі оны жұқтырған соң 35 күннің ішінде анықталады. Сары ауру шыққан 14 мектепке шектеу қойылып, оқушылар кабинеттік жүйеге көшірілген. Алайда, науқастар саны артуы мүмкін екенін дәрігерлер жасырмайды.

Елімізде А гепатитіне қарсы вакцина 2008 жылдан бері салынады. Сондықтан оған дейін туылғандарда дертті жұқтыру қаупі жоғары.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер