Павлодар облысында тері ауруына шалдыққандар саны артқан
Сурет: akorda.kz
Павлодар облысында тері ауруларының созылмалы түрі көбейіп барады. Бұрын сирек кездесетін псориаз бен дерматит жас сәбилерде де кездесе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері жас балаларда псориаздың екі жағдайы анықталған, деп мәлімдеді "Хабар24" арнасы. Дәрігерлерді витилиго ауруы да алаңдатып оытр. Облыста осы аурумен ауыратындар саны екі есе өскен.
"Витилиго – бауырдағы ферментативті метаболизмнің бұзылуынан пайда болады. Біз оны емдеуде басқа мамандармен өзара әріптестік орнатамыз. Сонда жұмыс нәтижесін береді. Екі жыл бұрын 13 адам осы аурумен ауырса, 2022 жылы 37 науқас тіркелді. Бұл өте көп".Облыстық аурухананың бөлімше меңгерушісі Гүлнәр Бейсекенова
Сарапшылар күйзеліске бой алдыру тері ауруларының көбеюіне себеп болатынын айтады.
Дұрыс тамақтанбау, ауылды жердерде білікті маман тапшылығы. экологияның нашарлығы да кері әсерін тигізбей қоймайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript