Павлодар облысында жібек құрт қаптап кетті
Енді Баянауыл ұлттық паркіне жетті. Парктің Жасыбай бөлімшесінің басшысы Қуанбек Мадиннің айтуынша, зиянкестер қайың мен теректің жапырақтарын жаппай жойып жатыр, деп жазады «Хабар 24 ».
Қазір жалпы аумағы 7 гектардай орман алқабы зардап шеккен. Ал жібек құрттардың пайда болғанын инспекторлар алты күн бұрын көрген. Себебі ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастаған.
Бұл туралы дереу орталыққа хабарланып, тиісті мамандар да шақырылған. Олар құрттың түрін анықтау үшін сынама алды. Енді зиянкестерге қарсы күрес шаралары басталады.
Баянауыл табиғи ұлттық паркі ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан химикатпен улауға болмайды.
Күрес табиғи жолмен, яғни құстарға ұяшық жасау, құмырысқаларды жіберу арқылы жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, жібек құрттар қатты нөсер, бұршақпен де кетеді екен.