Павлодар облысында жолда Toyota Land Cruiser көлігі түгі қалмай жанып кетті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 21:18 Сурет: видеодан алынды
Павлодар облысында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол шетінде отқа оранған көлік туралы хабарлама Павлодар облысы ТЖД-ның "101" пультіне 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 18:33-те келіп түсті.

Мичурино ауылы мен Павлодар ауылының арасындағы жол шетінде Land Cruiser отқа оранған. Көлік толығымен жанып кетті, өрт аумағы үш шаршы метрді құрады.

Өрт 19:01-де сөндірілді. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының үш адамы және бір техникасы жұмыс істеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: