Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында көмірге таласқан жүк машиналары соқтығысып жатыр

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2018 18:11 Baq.kz
Көптеген адам көмірдің жоқтығынан суық үйде отыр.

Еліміздің аймақтарында көмір тапшылығы әлі шешілген жоқ. Әсіресе, Алматы облысында күннің ерекше суытуы салдарынан, бұл проблема одан әрі қиындап кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгінде айрықша аязды күндерді бастан кешіп жатқан Алматы облысында көмір тапшылығы анық сезіледі. Көптеген адам көмірдің жоқтығынан суық үйде отыр. Көмір сататын базаларда жүк машиналарының кезекке таласып, бір-бірімен соқтығысып жатқаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Солардың бірін белгілі блогер Жанна Ильичева өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялап, бұл мәселе туралы пост жазды.

Оның айтуынша, аязды күндері көршілері суық үйде отыр. Сонымен қатар, ол облыстың аймақтарына жеткізілетін көмір тапшы әрі сатып алуға еш мүмкіндік жоқ екенін жазған.

«Жақында маған көмір жеткізетін бір жүргізушінің нөмірін берді. Мен оны аязда жылусыз отырған өзімнің көршілеріме тараттым. Олар хабарласса, жүргізуші көмір жоқ екенін және айдың соңына дейін болмайтынын айтқан», - деп жазды блогер.

Жанна Ильичева жариялаған видеода көмір сататын базалардың бірінде жүк машиналары кезекке таласып, тіпті бір-бірін соғып жатқанын көруге болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: