Алматы облысында екі ауыр жүк көлігі соқтығысып, бірінің жүргізушісі мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Кеше кешке Алматы облысының Іле ауданындағы Междуреченск ауылына жетпей ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ПД мәліметінше, Іле ауданындағы Төңкеріс - Байсерке - Междуреченск тас жолының 48-ші шақырымында солтүстік бағытқа қарай бет алып келе жатқан 49 жастағы КамАЗ жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Volvo жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан КамАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактісіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сараптама тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript