Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарлық қыз-келіншектер қонақ күту, табақ тартудан жарысты

Сайыс үш кезеңнен тұрады.

Сурет : Рavlodarnews.kz30 Қаңтар 2018, 16:15

Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Қонақ күту – қазақтың бөлінбеген еншісі» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі әйел-қыздар секторының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы ұйымдастырған байқауға мешіт ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

- Қазақ елінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі – қонақжайлылығы, - дейді баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы. - Қазақ семіз қойын, басқа да жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтініп отырған. Сайыс осынау атадан балаға жалғасып ерекше құрметке бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрдің мәнін толық ашып көрсету мақсатында Құран Кәрім аятын оқумен басталды. «Абай ауылы», «Жасыбай ауылы», «Естай ауылы», «Маралды ауылы», «Кереку ауылы» деген атаумен бөлінген алты топ келді.

Үш кезеңнен тұратын сайыста алдымен топ басшылары өз топтарын мақал-мәтел, нақылдар арқылы көркем сөзбен, топтың арнайы киім үлгісі және эмблемаларымен таныстырды.

Бұдан кейін «Соғым басы» немесе жергілікті атау бойынша омыртқаға шақыру дәстүрінде табаққа малдың қандай мүшелері мен қандай жіліктері сыбаға ретінде салынатыны туралы әр топтан бір әже айтып берді. Ал қазылар алқасы оларға әртүрлі сұрақтар қойды.

Келесі кезеңде «Шеке беру», «Омыртқаға шақыру», «Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлері», «Қонақжай», «Меймандостық», «Сыбаға» сөздерінің ұғымы, қазақтың қонаққа табақ тарту үлгілері, арнаулы қонақ және тағы басқа көптеген сұрақтар қою арқылы сайысқа қатысушылардың білімі тексерілді.

Соңғы кезеңде ұлтымыздың қонақжайлылығы туралы көптеген ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.

Соңында «Ата сөзі – бата сөз» тақырыбында әжелер асқайыру батасының үлгілерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысын таныстырған әділ қазылар белсене қатысқан топтарға марапат хаттар тапсырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер