Cотталғандар карикатура салудан жарысты
Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар бұл сайыста түрлі әзілі мен шыны аралас карикатуралық сурет салудан жарысты.
ГМ-172/6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологы Камшат Саипованың айтуынша, мұндай сайысты ұйымдастырудағы мақсат – адамның ішкі жандүниесіне жағымды әсер ету, жағымды қасиеттерін аша білу, қарым-қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Жазасын өтеуші азаматтар сурет салу арқылы пікірін жеткізуді, сурет мағынасын айтуды, сонымен қатар өмірге құштарлығын дамыта алады.
Карикатура сайысына белсенді қатысқан азаматтар арасында үш адам үздік деп танылды. Мекеме басшылығы Мекеме басшылығы жеңімпаздарды грамотамен марапаттады.