ШҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет етуде

Төтенше жағдай режимі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 22:07 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің 01.05.2022 жылғы № 739 Жарлығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару Кодексінің 101-бабы, сондай-ақ «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы негізінде Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, мекемелерде ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚАК -нің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Құзырлы ведомства атап өткендей, бүгіндері облыстағы колонияларда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет етуде. Облыстағы барлық 10 түзеу мекемесінде және барлық пробация қызметінде жағдай тұрақты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: