Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерінен пышақтап өлтірді

www.astanatv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2018 16:31 www.astanatv.kz
Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті бала болғанын айтады.

Маңғыстау облысының Бейнеу аулының тұрғыны өзінің 16 жастағы өгей ұлын 20 жерінен пышақтап өлтірген деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ал марқұмның туған анасы баласының өгей шешесімен тату тұрмағанын айтады. Тіпті ұлын алдағы жазда туған анасы қайта өзіне алуды да жоспарлапты.

“Ажырасқанда бала күйеуімнің қолында қалды. Енеміз өзім бағам өзім қағам деп айтқан. Қалса қалсын жетімдер үйі емес қой әкесінің үйі ғой, барып көріп тұрам ғой сағынғанда дедім мен. Өзім ойым болды солай. Баланы котельда пышақтап сарайға бала бүктетіліп барған дейді. Балаға бір рет пышақ тықпаған 20 жеріне пышақ ұрып тастаған”, – дейді Кәмшат Қожақова.

Бұл сұмдық оқиға маңғыстаулықтарды дүр сілкіндірді. Мектептегілер де 9-сынып оқушысының кісі қолынан қаза тапқанына сене алар емес. Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті бала болғанын айтады. Өгей анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазір тергеу анықтап жатыр. ІІД қылмыстық іс қозғады.

“Бейнеу ауданында болған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық Кодексінің 201-ші бабы бойынша бұдан өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды”, – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: