Жаңалықтар тізбегі
0

25 наурызда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2018 17:54 Baq.kz
68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.

«Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сайлау науқаны Қазақстан Республикасының 68 округында өтеді. Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе – 4, Алматы - 6, Атырау - 6, Шығыс Қазақстан – 2, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан - 4, Қарағанды – 9, Қостанай – 13, Қызылорда – 4, Манғыстау – 1, Павлодар – 5, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді», - деп жазылған хабарламада.

68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.

«Депутаттардың өкілеттіліктерінің мерзімнен тыс тоқтатылуына келесі себептер негіз болған: тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа тұрақты орынға кетуі; басқа жұмысқа ауысуы, жеке өтініші, депутаттың өлімі және соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі. 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы ахуалға сәйкес, Алматы қаласының 2 сайлау округы бойынша 7 кандидат ұсынылған», - делінген ҚР ОСК хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: