Нығматулин Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 18:45 zakon.kz
Қазақстанда 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттары сайланады.

Жексенбі күні Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин сайлауда қазақстандықтар өздерінің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететінін алға тарта келе:

- Бүгін өз таңдауымды жасадым. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін, халқымыздың сапалы өмірі үшін, балаларымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім, - деді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 18:45

Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар Қазақстан халық партиясынан, Nur Otan партиясынан, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы және "Аdal" саяси партиясынан қатысуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 18:45

Айта кету керек, Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: