Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда коммуналдық апаттың кесірінен жас натуралистер бағындағы өсімдіктер үсіп қалды

Өсімдіктерден бөлек, жас табиғат зерттеушілер стансасында жануарлар да шоғырланған.

Сурет : static.akipress.org31 Қаңтар 2018, 17:30

«Таугүл» ықшам ауданындағы осы апаттан кейін, жас натуралистер бағындағы өсімдіктердің дені үсіп қалған. Жылыжайға жылу бармай, ондағы тропикалық гүлдердің көбі жарамсыз болып қалыпты. Бақ басшылығы аумағы 850 шаршы метрді құрайтын орында өсімдіктің 250 түрі барын айтады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Қазір олардың қаншасы қатып қалғаны анықталып жатыр. Елімізде мүлдем кездеспейтін гүлдердің сан түрі - шартараптың әр түпкірінен жеткізілген екен. Олар кемі 12 градус температурада өседі. Ал тозған құбыр жарылып, жылу беру уақытша тоқтаған кезде жылыжайдағы термометр бағаны минус 10 градсуқа күрт төмендепті.

«Жылыжай 2012 жылы құрылған. Бұл еліміздегі жас натуралситерге арналған ең үлкен бақ саналады. Жылудың берілмеуінен өсімдіктердің дені үсіп қалды. Гүлдер Африка, Мексика сынды мемлекеттерден және Еуропа елдерінен жеткізілген. Оларды құтқару үшін апаттық қызмет өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Өсімдіктерді тірілту - қолдан келетін шаруа дегенге сенгіміз келеді», - деді Алматы жас натуралистер станциясының директоры Зейнеп Аришева.

Өсімдіктерден бөлек, жас табиғат зерттеушілер стансасында жануарлар да шоғырланған. Жылудың жоқтығынан оларды да ғимарат ішіне уақытша оқшаулапты. Мұнда бөдене, тотықұстар мен қырғаулдың бірнеше түрі бар. Сондай-ақ кеміргіштер, қояндарды кездестіруге болады. Бақ басшылығы жануарларға қауіп төніп тұрғанын жергілікті билік өкілдеріне хабарлап, дабыл қаққан. Осыдан кейін, апаттық қызмет өкілдері жылыжайға жылытқыш құралдарын жаппай жеткізіп жатыр. Құбыр жөнделгенімен, жас натуралистер бағына әлі жылу берілмепті. Мамандар апат толық ауыздықталмайынша, тап осылай амалдайтай тұруға мәжбүрміз дейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер