Экстремизмге қатысы бар деген күдікпен ОҚО-ның 12 тұрғыны ұсталды

bnews.kz bnews.kz
Ер адамдар арнайы операция барысында қолға түсті.

Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратты деген күдікпен 12 адам арнайы операция кезінде ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"Арнайы операцияны бүгін ұлттық қауіпсіздік органы мен ішкі істер департаменті бірлесіп жүргізген. Дінаралық алауыздықты тудырды деген күдікпен 12 адам ұсталды. Олар Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының тұрғындары. Тергеу барысында анықталғандай, олар экстремистік бағыттағы материалдарды әлеуметтік желілерде таратқан", - деп хабарлады департаментте.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Осы іске қатысы бар басқа да азаматтардың тұлғасы анықталып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз