Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 11:57 Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі тасымалдаушылардың қылмыстық әрекеттерін есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында әшкереледі.

Пәкістан мен Үндістанның екі азаматы Алматыда есірткі кәсібін бастаған. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.

"Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жеке үйді жалға алған – бір қызығы, "Мяу" фильмінің кейіпкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырған үйді. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылды және тәркіленді. Шетелдіктердің жұптасып жұмыс істегені анықталды: бірі есірткіні қайнатса, екіншісі оны жасырын қою арқылы таратқан. Айтпақшы, іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар "синтетика" салынған байламдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асады. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: