Зың-зың құрт: Желіде тағы бір вирусты әуен хитке айналды

Stan.kz Stan.kz
Хит авторлары қазақтың ұлттық тағамын мақтап жарысқан.

Желіде “Зың-зың” сияқты тағы бір вирусты әуен хитке айналды. “Соси құрт”, яғни “Құртты сор” туындысын танымал отандық блогерлер мен вайнерлер бірігіп шығарған, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық жобаларда бой көрсетіп үлгерген жас әнші Индира Еділбаева да жаңа “хитті” орындаушылардың бірі.

Хит авторлары қазақтың ұлттық тағамын мақтап жарысқан. “Бүкіл әлем құртты сорады”, “Құртты сор, қайын-жұртыңа беруді де ұмытпа”, – делінген әуен мәтінінде.

Желідегілер жаңа әннің нағыз хит екенін атап өткен.

“Осы клиптен кейін құрт қымбаттап кететін болды ғой, бейнеклип керемет шыққан, жарайсыздар”, “Мұны тек қазақтар түсінетін шығар, құртты жемейтін халықтарға түсіну қиынға соғады”, – деп пікір білдірген желі қолданушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз