Сәбина Алтынбекованың алдын орап, тағы бір спортшы қыз желіде "жұлдызға" айналды
Сурет: instagram/altynbekova_20
Сәбина Алтынбекова күні кешеге дейін әлеуметтік желідегі Қазақстанның ең танымал спортшы аруы болып саналып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алтынбекованың Instagram парақшасына 2022 жылдың 8 желтоқсандағы жағдайы бойынша 1.1 миллионнан астам адам жазылған. Өткен жылдың күзінде спортшының парақшасына жазылушылар саны 1 миллионға жетіп, сол кезеңде Сәбина осындай жетістікке жеткен әлемдегі жетінші волейболшы болып танылған. Алайда Қазақстанда Алтынбекованың рекордын жаңартқан спорттағы тағы бір ару пайда болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Соңғы жылдары Instagram-дағы аудиториясы жылдам өсе бастаған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бүгіндері 1.4 миллион шегін бағындырып, қазіргі уақытта еліміздегі ең танымал спортшыға айналып отыр.
Сонымен қатар, Лукас Алтынбекова секілді Қазақстан спортындағы ең сұлу қыздардың бірі болып саналады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

