Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да сары аурудың таралуына байланысты бас дәрігер қызметінен босатылды

Аурухананың бас дәрігері өз кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Сурет : Sputniknews.kz2 Ақпан 2018, 11:43

Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеубердин сары аурудың таралуына байланысты қызметінен шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ШҚО коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бас дәрігер жұмысына салғырттық танытқанын мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Бұдан бұрын Шолпан ауылында 12 адамның гепатит А дертіне шалдыққаны туралы белгілі болған. 2017 жылдың қыркүйегінде бірінші науқастың дерті анықталғанда дәрігер қызмет орнында болмай, орта деңгейлі медициналық қызметкерлер емдеу шарасын жүргізген екен.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қаржылық-шаруашылық жағын тексеретін арнайы комиссиялар құрылды.

Шолпан ауылына облыстық балалар дәрігері мен Семейдің бас жұқпалы аурулар дәрігері арнайы жұмыс тобының құрамымен жіберілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер